Жыл сайын әлемнің көптеген елдері қараша айында Дүниежүзілік сапа күнін атап өтеді. Мерекенің басты мақсаттарының бірі – тауарлар мен қызметтердің сапасы деңгейіне қатысты мәселелерге назар аударуға көмектесетін іс-шараларды нығайту және насихаттау.

2024 жылдың 14 қарашада Дүниежүзілік сапа күнін мерекелеу аясында «ҰлтССО» АҚ Қызылорда филиалы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бірлесе дөңгелек үстел өтіп, оған Қызылорда облысындағы кәсіпорын басшылары мен өкілдері шақырылды.Салтанатты шараны «ҰлтССО» АҚ Қызылорда филиалының директоры С.А.Каугаев ашып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, барлық бастамаларға сәттілік пен береке тіледі.Дөңгелек үстелде келесі баяндамалар тыңдалды:• Дүниежүзілік сапа күнінің ұраны: «Сапа: талаптарды сақтаудан өнімділікке дейін» (баяндамашы – «ҰлтССО» АҚ ҚФ жетекші маманы Мизамбаева С.М.);• Біріктірілген басқару жүйелері (баяндамашы –«ҰлтССО» АҚ ҚФжетекші маманы Мустафаева Л.С.);

  • Тауардың шығу тегі туралы сертификат, CT-KZ нысаны, отандық тауар өндірушілерді қолдау құралы болып табылады (баяндамашы – «НацЭкс» АҚ КФ жетекші маманы Бекишева Б.М.).

Дөңгелек үстел соңында 6 кәсіпорынның өкілдері «Сапа көшбасшысы-2024» дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен, тағы 6 кәсіпорын сапа саласына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталған кәсіпорындар қатарында «Гежуба Шиелі Цемент Компани» ЖШС, «Кристалл Менеджмент» АҚ, «КазЭкоХим» ЖШС, «KAZPETROL GROUP» ЖШС (KAZPETROL GROUP), «Великая стена» бұрғылау компаниясы» ЖШС, «Береке-U» ЖШС бар.

Сондай-ақ «ҰлтССО» ҚҚ АҚ мамандары Мырзамұратов Б., Мизамбаева С., Мұстафаева Л., Бекишева Б., Сматов Қ., Оңғаров Н., Нұрымбетова А. марапатқа ие болды.

 

 

Сапа менеджменті жүйесін растау секторының меңгерушісі

Ленева Ольга Анатольевна