Қызылорда филиалының тарихы 1930 жылы Қызылорда қаласында 12 адамнан тұратын өлшем және салмақ бөлімі құрылуымен басталады. Бүгінгі таңда филиалда 60-тан астам жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, оның ішінде:
– әртүрлі қызмет бағытына қарай өнім мен қызметтің сәйкестігін растау жөнінде 10 сарапшы-аудитор;
– менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау бойынша 6 сарапшы-аудитор (ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 22001);
– тауардың шығу тегіне сараптама жүргізу бойынша 2 сарапшы-аудитор;
– 13 өлшем түріне байланысты 19 салыстыпып тексеруші;
– сынақ зертханасында 4 білікті қызметкер.
Қызылорда филиалына хабарласу арқылы сіз:
• сертификаттау сынақтарын өткізе отырып өндірілген және импортталатын өнімдерді сертификаттау процедурасынан өту;
• сертификаттау рәсімінен өту:
• тамақ өнімдері мен құрылыс өнімдерінің сапасын тексеруге сынама жүргізу;
• сапа менеджменті жүйесін сертификаттау рәсімінен өту (ISO 9001, ҚР СТ ISO 9001);
• экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттау рәсімінен өту (ISO 14001, ҚР СТ ISO 14001);
• еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау жүйесін сертификаттау рәсімінен өту (ҚР СТ ISO 45001);
• тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджмент жүйесін сертификаттау рәсімінен өту (СТ РК ISO 22000);
• «ST KZ» нысанындағы ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат алу үшін тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін алуға;
• өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізіліміне енгізу үшін сараптама сертификаттарын алу;
• өлшем құралдарын тексеруге, сынау жабдықтарын сертификаттауға, ақаулы өлшеу құралдарын жөндеуге;
• өлшеу, аналитикалық немесе сынақ зертханасында өлшемдердің жай-күйін бағалаудан (аттестациядан) өтуге;
• стандарттау, метрология, аккредиттеу материалдарын дайындау мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек алуға;
• еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестациялауды жүзеге асыру;
• көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу;
• КҚҚҚС (Көлік құралының құрылысы қауіпсіздігі сертификаты) -арнайы үлгідегі рұқсатын алу.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР БІЗ ӨЗАРА ПАЙДАЛЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮШІН СЕРІКТЕС БОЛУҒА ДАЙЫНБЫЗ!