Филиал мамандары тауар шығарылған елді анықтау және тауардың шығу тегі туралы төмендегі құжаттарды бере алады;
- «СТ KZ» нысанындағы ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат алу үшін тауардың шығу тегі туралы сараптамалардың сертификаттарын;
- өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізіліміне енгізу сараптамаларының актілерін.
Біздің мамандарымыз осы бағытта үлкен тәжірибеге ие және өтініш берушіге консультативтік көмек көрсетеді.
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидалар. “Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі
№ 454-НҚ бұйрығымен бекітілген.