«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының метрология бөлімі (бұдан әрі «ҰлтССО» АҚ КҚ) Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптарын сақтауды, мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сенімсіз өлшемдердің жағымсыз салдарынан қорғау.
Метрология бөлімінің негізгі міндеттері (функциялары) мыналар болып табылады:
- эталондық және жұмыс өлшем құралдарын салыстырып тексеру;
- эталондық және жұмыс өлшем құралдарын калибрлеу;
- сынау жабдықтарын аттестациялау;
- аналитикалық, өлшеу және сынақ зертханаларындағы өлшемдердің жағдайын бағалау;
- медициналық құрылғыларды салыстырып тексеру, аттестациялау (УЗИ, УВЧ, УЗТ, ЭКГ, ИВЛ құрылғылар, дефибрилляторлар және т.б.) ;
- қауіпсіздік және тыныс алу клапандарын сынау;
- өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістерін, сынау жабдықтарын аттестациялау бағдарламаларын әзірлеу және сараптау;
- бақылау-өлшеу құралдарын жөндеу және дәлдеу қызметтері;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу кезінде өлшемнің белгісіздігін есептеу.
«ҰлтССО» АҚ ҚФ метрология бөлімі өлшемнің 13 түрі бойынша салыстырып тексеруде практикалық тәжірибеге ие:
- геометриялық шамаларды өлшеу;
- механикалық шамаларды оелшеу;
- беріктік пен қаттылықты өлшеу;
- қысымды өлшеу;
- вакуумды өлшеу;
- қозғалыс параметрлерін өлшеу;
- тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу;
- сұйықтар мен газдардың шығыны мен мөлшерін өлшеу;
- физикалық және химиялық өлшемдер;
- жылуфизикалық және температуралық өлшемдер;
- оптикалық-физикалық өлшемдер;
- электрлік өлшемдер;
- уақыт пен жиілікті өлшеу.
Ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету әрбір басшының және барлық қызметкерлердің міндеті.
Сапа деген сөзіміз:
- өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын, қажетті дәлдікпен сынау жабдықтарының сипаттамаларын анықтау;
- Тапсырыс беруші үшін пайдалы объективті, анық және көрнекі ақпаратпен хаттамалар мен есептерді уақтылы қамтамасыз ету;
- Тапсырыс берушіні істің шынайы жағдайын көрсететін және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз ету.
Сапаны қамтамасыз ету мақсатында «ҰлтССО» АҚ ҚФ метрология бөлімі сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізді және жүргізеді.
Сапа менеджменті жүйесінің процедураларын пайдалана отырып, «ҰлтССО» АҚ ҚФ метрология бөлімі:
- Тапсырыс берушінің қажеттіліктері мен мүдделерін ескеру;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, сынау, сынау жабдығын сертификаттау бойынша жұмыстарды құжаттармен рәсімдеу;
- сынақ жабдықтарын тексеру, калибрлеу, сынау, сертификаттау нәтижелерін дұрыс және толық жазу;
- ықтимал қателерді жою мақсатында «ҰлтССО» АҚ ҚФ метрология бөлімінің қызметіндегі сәйкессіздіктерді анықтау және жою;
- өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметтер сапасының негізінде жатқан барлық процестердің қадағалануын қамтамасыз ету;
- «ҰлтССО» АҚ ҚФ метрология бөлімінің қызметіне тұрақты ішкі аудит жүргізу;
- электрондық түрде құжаттаманы артықшылықты пайдалану және алмасу арқылы жағымсыз әсерлерді азайту және қоршаған ортаны қорғауға көмектесу.