Филиал мамандары әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ стандарттау, метрология, сертификаттау (сәйкестікті растау), штрих код алу саласындағы жұмыстарды, соның ішінде:

  • Қазақстан Республикасы ұйымдарының стандарттарын әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасы ұйымдары стандарттарының жобаларын бекіту алдында оларды тексеру;
  • нормативтік құжаттарды өзектендіруді қоса алғанда, анықтамалық – ақпараттық қызмет көрсету (ҚР СТ, ҚР Р, РСТ, ҚР басқа да, МЕМСТ, МЕМСТ Р, РМГ, ПМГ және т.б.);
  • өнімді өндіріске қою жөніндегі жұмыстарға қатысу;
  • құжаттарды (жобаларды, мәтіндерді, тауар таңбаларын өнімге) мемлекеттік тілге аударуды және стандарттау саласындағы басқа да мәселелерді жүзеге асыру;
  • өнімнің таңбалануын әзірлеуде тексеру және/немесе практикалық көмек көрсету;
  • стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен нормативтік құқықтық актілер туралы өтініш берушілерді жедел хабардар ету;
  • кәсіпорындардың өтінімі бойынша оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдер өткізу бойынша қызметтер көрсету;
  • жұмыс орындарын аттестаттау.